Өскен БЕРДІБАЙ, күнтізбеші:
– Григориан күнтізбесіне сәйкес Ұлы күн – 22 наурыздан бастау алатын. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының деректеріне тереңірек үңілер болсақ, наурыздың тоғызында «жаңа күн» туады делінген. Ал Мая халықтарының күнтізбесінде мереке 14 наурыздан басталады. Неге? Бір айда 28 күн бар екенін ескерсек, ай 14 күн толады, 14 күн солады. Парсының ескі күнтізбесінде де 14 саны көрсетілген. Соған сәйкес, айдың қақ ортасында Жаңа жыл басталады. Мемлекет неге 14 наурызды амал мерекесі етіп бекітіп қойды? Бұл да үлкен ғалымдардың әбден електен өткізіп таңдаған шешімі болатын. Жалпы, «Наурыз» деген сөздің этимологиясы «Жылдың басындағы алғашқы күн» деген мағынаны білдіреді. Яғни, өзге ұлттар пір тұтатын 31 желтоқсандағы Жаңа жыл күнтізбеге мүлдем сай емес, қате. Міржақып Дулатов айтқандай, «Қазақтың жалғыз мерекесі бар. Ол – Наурыз». Сондықтан жалғыз-жарым мерекемізді атап өтіп қана қоймай, жанымызды салып тұрып тойлау керек.