Шақыру учаскесіне тіркеу басталды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында жазылғандай: Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Конституциямыздың осы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының № 561 – IV 16 ақпан 2012 жылғы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабы «Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу» және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығын және Ұлытау ауданы әкімінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №47/5 қаулысын және 2020 жылғы 30 желтоқсандағы 2021 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы №8 шешімін басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде 2004 жылы туылған азаматтарды 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлытау ауданының шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеуіс-шаралары өткізілуде. Тіркеу өткізу кезеңінде жастармен әңгімелесу, әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті құжаттар алынып, жеке істері рәсімделуде. Әскери есепке алғаш рет тіркелген азаматтармен Ұлытау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Қорғаныс министрлігінің Жоғарғы әскери оқу орындары бойынша да үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, келісімшарт бойынша әскери қызметтің болашағы және мүмкіншіліктері түсіндірілді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ағымдағы жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін жалғасын табады. Қосымша ақпарат алу үшін: Ұлытау селосы Абай көшесі 17 мекенжайы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.
Ұлытау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.