Үш қарағандылық «Еңбек Елшісі» деп танылды
«30 Еңбек Елшісі» республикалық жобасының нәтижелері белгілі болды. Оның бастамашысы — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы. жеңімпаздардың қатарында үш қарағандылық бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысу үшін 196 өтініш түскен. Сараптау комиссиясы отыз жеңімпазды анықтады.
Қарағанды облысынан 24 үміткер болған. Олрадың үшеуі «Еңбек елшілері» деп танылды:
— Әділбек Бердіходжаев- робототехника курсының жаттықтырушысы, М. Жұмабаев атындағы гимназияның жүйелік инженері;
— Сұлтан Медеубаев – SENIM денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
— Айжан Тәубебаева — Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының жастар ісі жөніндегі бас маманы.
«30 Еңбек Елшісі» жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Оның мақсаты — жастар арасында еңбек құндылығын насихаттау. Байқауға 18 мен 35 жас аралығындағы кәсіподақ мүшелері қатысты.