Сенбілікте серпін бар

Ұлытау ауданында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.

Оған аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары арнайы бекітілген аумақтарда жүргізілді. Тазалауға арнайы техника да тартылды.

Айта кетейік, мұндай сенбіліктер Ұлытау ауданының барлық елді мекендерінде бекітілген кестеге сәйкес өткізілуде.