Сенаттың соңғы отырысы өтті
Астанада Парламент Сенатының соңғы отырысы өтті. Жоғарғы палата елдің бір палаталы Парламентке көшуіне байланысты 30 жылдық қызметін аяқтады.

1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Ал тамыз айында бір палаталы Парламент сайлауы өтеді.
30 жыл ішінде Сенат 890-нан астам жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдады. Сондай-ақ 246 адам депутаттық мандатқа ие болды.
