Саяси жаңғыру салтанаты
Бүгін, 05.11.2023 жыл, елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау басталды.
Пилоттық жоба аясында Ұлытау облысының Ұлытау ауданы бойынша 30 сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден өз жұмысын бастады.
Ұлытау ауданы Сарысу ауылының тұрғыны Жұлдызай Досжанова — аудан бойынша ең бірінші дауыс берген азамат ретінде тіркеліп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Тұрғын №719 сайлау учаскесі бойынша өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, пилоттық жоба аясында Ұлытау ауданының әкімдігіне Мырзабеков Аманжол Батырбекович, Сулейменов Аманбек Данабекович, Әлімсейіт Асылхан Мырзамсейітұлы кандидаттары түсуде.