САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МӘМС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалы Жезқазған-Сәтбаев қалаларының халық көп шоғырланатын ірі сауда орталықтарында промо-науқан өткізіп, денсаулық алаңдарын ұйымдастырды.
Филиал мамандары тұрғындарға МӘМС пакеті шеңберінде қолжетімді медициналық қызметтердің кең спектрін таныстырып, мәртебені алу жолдары мен тексеру тәсілдерін түсіндірді. Ақпараттық жадынамалар таратты.
Тұрғындар fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegramдағы SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы Қорға хабарласуға болатынын білді.
Денсаулық алаңдарында қалалық емхананың мейірбикелері тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға, скрингтік тексерулерден уақытылы өтуге шақырды. Сондай-ақ түрлі ауруларды алдын палатын вакцинаның маңызы туралы айтып, келушілердің артериалды қан қысымын өлшеп, қандағы қанттың мөлшерін анықтады, АИТВ-инфекциясын анықтау үшін жедел тест жасады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 2020 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылды. Осылайша медициналық көмек МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі. Сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакеті шеңберінде тар буынды мамандардың кеңесі, консультативтік-диагностикалық қызметтер, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, қымбат оталар мен оңалту курсттары сондай-ақ күндізгі стационар және жоспарлы ем қолжетімді.
Өз тілшімізден.