Сайлау – оң өзгерістерге нық қадам

2005 жылы Венгрияда (Будапешт) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында ақпанның алғашқы бейсенбісі барлық елдерде сайлау органдарының кəсіби мерекесі ретінде белгіленген еді. Содан бері Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіліп келеді.

Жуырда Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрамымен жəне Жезді кенті №6 орта мектебінің педагогикалық ұжымымен түсіндірме сағаттары өткізілді. Аталған іс-шараларда, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Алмат Дүйсенбаев ҚР Конституциялық «Сайлау туралы» заңы бойынша «Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйелері» тақырыбы бойынша, Жезді кенті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Н.Смағұлова мен хатшысы М.Хамитова «Округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараның басты мақсаты – сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттандырарлық жауаптар беріліп, пікір алмасулар болды. Осы бағыттағы іс-шаралар əрі қарай жалғасын таппақ.

Өз тілшімізден.