СӘТБАЕВ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА
Биыл кеншілер қаласында 900 орындық заманауи мектептің құрылысы басталып, 250-ге жуық жеке үй кәріз желісіне қосылады. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында сондай-ақ қалаға жылы аялдама қою мәселесін қарастыру ұсынысы қойылды.
Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов даму бағдарламасы аясында биыл атқарылатын жұмыстарға кеңірек тоқталды.
Атап айтар болсақ:
- 14 көшенің жолы орташа жөндеуден өтеді;
- 5 футбол, 5 волейбол мен баскетбол, 25 ойын алаңы орнатылады;
- 25 жаттығу кешені орнатылады;
- 25 үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтіп, 25 үйдің төбесі жөнделеді;
- Жаңа үлгідегі 20 аялдама орнатылады;
- 4 аллея бой көтереді;
- Тәуелсіздік көшесінде 56 пәтерлі несиелік тұрғын үй қүрылысы аяқталады;
- Жеке инвестор есебінен 30 пәтері үй қолданысқа беріледі;
- Жаңа емхана құрылысы басталады;
- 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады;
- Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табады.