Сәтбаев қаласында жаяу жүргінші жолдары ретке келтірілуде

Биыл қаланың негізгі көшелерінің бірі Абай көшесінде Сәтбаев даңғылынан бастап Ерден көшесіне дейін жолдың екі бетіне жаяу жүргінші жолы салынуда.

Жоспар бойынша 4747 шаршы метр тас кеспекше (брусчатка), 10 дана жарықтандыру бағаналары, 10 дана орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.

Жобаның жалпы құны 69,8 млн теңге. Мердігер ұйым: «Жезказганавтотранссигнал»ЖШС. Жобаны осы жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін аяқтау көзделген.