Сәлемдемені поштадан пин-код арқылы алуға болады
Мәжіліс пошта нарығын дамытуға бағытталған «Пошта туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Атап айтқанда, онда пошта сәлемдемесін жеткізу және тапсыру рәсімін оңайлату қарастырылған. Айталық сәлемдемені сенім білдірілген басқа адамға пин-код енгізу арқылы тапсыру белгіленген.
Поштаматтарды тұрғын үйлерде орналастыру нормалары нақтыланды.
Сонымен қатар хат жіберу азайып кеткендіктен пошта жәшіктеріне қатысты нормалар заң мәтінінен алып тастау ұсынылған. Алайда көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан абоненттік жәшіктер туралы ереже өзгеріссіз қалады.