Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес – Тоқаев

Президенттің төрағалығымен Ұлттық Құрылтайдың отырысы басталды.

«Үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.