Өрт қауіпсіздігі – ортақ міндет

Тұрғын үйлерде күзгі-қысқы кезеңде өрттердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болады.

Өрт көбінесе пештердің қызып кетуінен, кірпіште жарықтардың пайда болуы салдарынан немесе күлден жанып жатқан көмірдің түсуінен болады. Пешті жылытуды берік және қауіпсіз пайдалану үшін мынадай талаптарды есте ұстаған жөн: пештер мен басқа да жылыту аспаптарында жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлгіштер (шегіністер) сондай-ақ, ағаш еденде басқа жанғыш материалдардан жасалғандар болмауы тиіс. Өрттер көбінесе пештер от жағу кезінде бақылаусыз қалдырылған кезде пайда болады. Қатты аязда пештер ұзақ уақыт бойы қызып кетуінен өрт қаупі пайда болуы мүмкін. Егер бұл бөліктер ағаш қабырғалармен немесе жиһаздармен байланыста болса, онда өрттің шығуына әкеп соқтырады. Сондықтан пешті күніне 2-3 рет 1-1,5 сағат бойы ұзақ уақытқа бір рет қыздырған жөн. Пештердің жанында және олардың бетінде жанатын мүлікті немесе материалдарды сақтауға, кірді кептіруге болмайды. Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеру, күйені жөндеу және тазарту, жарықтарды сазды-құмды ерітіндімен жауып, шатырдың үстіндегі түтін құбырын ағарту қажет. Кем дегенде үш айда бір рет жабық пештердің мұржаларын күйенің жиналуынан тазартып отыру керек.

Ұлытау ауданы ТЖБ.