Өрт: қауіп пен сақтық
Тілсіз жаудың алдын алу, сақтану, əсіресе күннің суып тұрған шағында өте қажет. Республика бойынша ауа райының күрт суып, қатты аяз тұрып жатқанын теледидар мен күнделікті газет беттерінен жəне СМС хабарламалардан оқып-біліп жүрміз. Осы орайда əрбір елді мекендерде, мекемелер, сауда орталықтары мен тұрғын үйлерді жылыту мақсатында қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланамыз.
Сонымен қатар, күннің суыған осындай кезінде үй-жайлардағы пештерді жағу күнделікті мөлшерден тыс көп жағылады. Осының бəрін ескере келе сіздерге өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде қысқаша түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынамыз:
— қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды;
— от жақпастан бұрын пештерге өте сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет,
— жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері жəне басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында, сондай ақ кемінде:
1. үш айда бір реттен кем болмай- жылыту пештері үшін;
2. екі айда бір реттен кем болмай – үздіксіз əрекеттегі пештер мен ошақтар үшін тазартылуға тиіс, асхана плиталары жəне үздіксіз ұзақ мерзімде от жағылатын басқа да пештер айына бір реттен кем болмай тазартылып отыруы керек;
— отын өздігінен лапылдап жанатын көмір осы үшін арнайы бейімделген үй жайларда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын болмай орналасқан, арнайы бөлінген алаңдарда сақталуы керек.
— пештің қуысына тамызық отынды жинауға болмайды;
— пеш үстіне жіп керіп кір жаюға, отты жанар-жағармаймен тұтандыруға, от жағылған пештерді иесіз қалдыруға немесе оларды жас балаларға тапсыруға болмайды;
— отқа оттықтың мөлшерінен асатын ұзын ағаш салуға болмайды,
— тақтайлы еденде салынған əрбір пештің алдында көлемі 70х50 см темір қаңылтыр төселуі керек; — пештер мен мұржалардың жанатын ағаш материалдарынан өрт қаупінен сақтайтын заттардан ажыратылым аралықтарының қалыңдығы 38-50 см болуы шарт;
— пештен шыққан күл-қоқыстарын жақын тұрғын үй мен қора жайлардың қасына төгуге болмайды, ыстық күлге су құйып, суытып арнайы орындарға төгу керек;
Өкінішті оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар.
Төтенше жағдай оқиғасын аудандық ТЖ бөліміне төмендегідей телефондарға хабарлаңыздар: 101, 112 жəне байланыс бөліміне 8 (71035) 2-11-01 сенім телефондары жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.