Роман Скляр Ұлытау облысының көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту жұмысымен танысты
Жезқазған-Қызылорда бағытындағы автомобиль жолының құрылысын жүргізетін мердігер жыл соңында анықталады. Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға Ұлытау облысы «Қазавтожол» ҰК АҚ филиалының өкілі баян етті.
Одан бөлек Үкімет басшысының бірінші орынбасарына қазіргі уақытта автомобиль жолы қарқындылығы жағынан төмен деңгейде екендігі де айтылды.
ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, бүгінгі таңда бар 4 учаскені 8-ге бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Биыл конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, келесі жылы Ұлытау облысының аумағында Жезқазған – Қызылорда автомобиль жолының учаскелерін реконструкциялауды бастау қажет.
Роман Скляр өз кезегінде аталған сегіз учаскені жөндеуден өткізуге барынша жергілікті мердігерлерді жұмылдыруды және жұмыстарды мезгілінен кешіктірмей бастауды тапсырды.