Құрметті жезқазғандықтар! Қадірлі достар!
Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қала күні – барлық тұрғындарды біріктіретін ерекше мереке. 11 жыл бұрын, біз 8 қыркүйекті Қала күні ретінде бекіттік. Бұл шешімнің өзіндік тарихи себебі болды.
Ал, қаланың туған күні 20 желтоқсан болып қала береді.
Жезқазғанның қала мәртебесін алғанына 68 жыл толса, биыл, 25 жылдан кейін, біздің қала қайтадан облыс орталығы мәртебесіне ие болып, дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік алды.
Халықтың тілегін орындап, мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаев өз жарлығымен Ұлытау облысын құрды.
Қаламызда көптеген мәселелер қордаланып қалған.
Әрине, біздің барлығымызда қаламыздың тез өзгеруін тілейміз. Бірақ, өкінішке орай, бәрін тез шешуге болмайды.
Қазіргі уақытта біз алдағы жылдарға арналған бюджетті қалыптастырудамыз, бәрін есептеп, жобалар дайындап жатырмыз. Облыстың да, қаланың да даму бағдарламасын дайындаудамыз. Жаңа инвестициялар тартудамыз.
Нақты, ауқымды жобаларды тек 2023 жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, оларды іске асыру қаланың даму динамикасын жаңа сатыға көтеруге, тозған инфрақұрылымды жаңартуға, жаңа шағын аудандар мен заманауи ғимараттар салуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Жолдарды жөндеп, аулаларды абаттандырып, жаңа балабақшалар мен мектептер саламыз. Көшелер мен алаңдарды көгалдандырумен айналысамыз, автоматты суаруды енгіземіз, көшелерді жарықтандыруды қамтамасыз етеміз. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырамыз. Жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Жаңа футбол клубын ашу да жоспарда тұр. Және тағы да басқа көптеген жобалар болады.
Құрметті қала тұрғындары!
Біздің қаламыздың гүлденуі қалалықтардың белсенділігі мен патриотизміне де байланысты.
Біздің қаламыздан басқа жаққа көшіп кетпей, туған жерімізге қызмет етіп жүргендеріңізге, көмек көрсетіп немесе бізді сынап жүргендеріңізге де алғыс айтқым келеді.
Бірігіп біз қаланы әдемі және көрікті етеміз.
Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!
Қала күнімен!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.