Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – Тәуелсіз еліміздің экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан дамуына жауапты тұлғалар атқаратын қастерлі қызмет. Сондықтан да мемлекеттік қызметкерлер халық алдында жауапкершілігі жоғары, өзінің ар-ожданы алдында шынайы таза болуды талап ететін осы қызметті мақтан тұтуы тиіс. Бұл қызметке өз ісіне адал, ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын, ары таза жандар ғана бара алады.
Мемлекеттік қызмет оңай емес, ол – табандылықты, кәсібилік пен адалдықты талап ететін жауапты қызмет. Дәл осы іске деген адал қатынас және өзі мен әріптестеріне қойылатын жоғары талап мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейін айқындайды.
Сіздерге еңбекте табыс, мақсатқа жетуге табандылық, шешім қабылдауда даналық, еліміздің игілігі үшін барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.