Құрметті полиция қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн ерлік пен ар-намыстың, халыққа адал қызмет етудің символы.

Бүгінгі Ішкі істер органдарының жұмысы қоғам дамуына, Қазақстан экономикасына Тәуелсіз мемлекетіміздің қарыштап қадам басуына тигізер ықпалы зор. Өйткені, сіздердің мамандықтарыңыз аса жауапкершілікті, төзімділікті қажет ететін мамандық. Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, азаматтарымыздың тыныштығы мен заңның үстемдігін қорғап, қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етесіздер.
Сіздер алдағы уақытта да халыққа қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп, өз қызметтік міндеттеріңізді мінсіз орындайтындарыңызға сенеміз.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.