Құрметті полиция қызметкерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.
Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Олардың қатарында, ауданымыздың полиция қызметкерлері де бар. Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай тер төгуде әрі осы бағыттағы жұмыс жүйелі жалғасын табары күмәнсіз.
Аудан халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғау мен қылмыстың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, қызмет барысындағы жоғары іскерліктеріңіз, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайықты.
Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз берекелі болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.