ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Кез келген мемлекеттің ең басты тірегі, мемлекет жүйесінің ең маңызды тетігі – мемлекеттік қызметкер болса, мемлекеттің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының ерекше рөлін атап өткен жөн. Өйткені мемлекеттік қызметші мен полиция қызметі – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға.
Сондықтан да ел абыройын асқақтататын қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы. Осы орайда, мемлекеттік қызметші мен полиция қызметкерлеріне қойылар жауаптылық та, талап та өте жоғары. Халық сеніміне селкеу түсірмеу – әрбір қызметшінің басты міндеті.
Ауданымыздың өркендеуі жолында еңбек сіңіріп жүрген барлық мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Мереке құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.