Құрметті Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықпен етене жұмыс істеп, ел игілігі жолында адал еңбек етуді талап ететін аса жауапты әрі абыройлы сала. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – тұрғындар сенімін ақтап, мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың негізгі кепілі.
Сондай-ақ ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау саласының қызметкерлері де зор құрметке лайық. Полиция қызметкерлері – тәртіп пен заңдылықтың бұлжымас тірегі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Осынау қос мереке – адал қызметтің, табанды еңбектің, елге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, ел мүддесі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.