Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – жерлестеріміздің қажырлы еңбегі мен əскери жанқиярлығының нəтижесі. 9 мамыр – бейбітшілік, азаттық жəне Тəуелсіздік құндылықтарын санамызға сіңіретін айтулы күн.
Майданда жəне тылда жанқиярлықпен күресіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға сеп болған барша азаматты есте сақтау – Ұлт пен ұрпақ парызы. Қан мен тердің арқасында жеткен Ұлы Жеңіс бізді жігерлендіріп қана қоймай, жаңа жетістіктерге жетелейді, қиындықтарды жеңуге, болашаққа сеніммен қарауға серпін береді.
Өкінішке орай, Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалмады, бірақ біздің өңірде 487 тыл еңбеккері мен кəмелетке толмай тұтқынға түскен 3 азаматтың көзі тірі. Аталған тұлғалар – қасіретке толы жылдардың тірі куəгерлері, жанқиярлық еңбек пен табандылықтың жарқын мысалы.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерге жəне жақындарыңызға мықты денсаулық, бірлікбереке тілейміз. Көк аспанымыз əрдайым ашық болып, бейбіт күннің ғана куəсі болайық!
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының əкімі.
Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,
Ұлытау облыстық мəслихатының төрағасы.