Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Берекелі Рамазан айын аман-есен аяқтап, айт мерекесіне жету – үлкен нығмет. Бұл айда халқымыз сабыр мен шүкіршілікті, мейірім мен жанашырлықты терең сезініп, ізгі амалдарға ерекше мән берді.

Қасиетті өлкеміз – Ұлытау жерінде де бірлік пен татулық, өзара құрмет пен қамқорлық дәстүрі жалғасын тауып келеді. Бұл – біздің басты құндылығымыз.

Қасиетті Рамазан айында Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз үшін тарихи маңызы зор жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Ата Заңымыз ел дамуының берік негізіне айналып, әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам болды.

Осы игі бастамалардың аясында Ұлытау облысы да қарқынды дамып, өңіріміздің әлеуеті арта береді деп сенемін.

Ораза айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, береке мен ырыс әкелсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Айттарыңыз қабыл болсын!

Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.