Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – халқымыздың кеңпейілдігі мен дархандығын, бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін тағылымы мол күн. Тарихтың түрлі кезеңдерінде тағдыр тоғыстырған сан алуан этнос өкілдерін құшағына сыйдырған қазақ жерінің, соның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің татулығы – ең басты байлығымыз.
Алғыс айту күні – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіретін, жақсылық пен жанашырлықты бағалайтын ерекше сәт. Өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына, өндіріс пен ауыл шаруашылығында, білім мен медицина саласында адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Ұлытау облысы тұрақты дамып, еңсесін тіктеп келеді.
Бірлік пен келісім – берекелі өмірдің кепілі. Осы құндылықтарды сақтап, ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым татулық пен тұрақтылық үстем болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.

