Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Қазіргі заманды толымды ақпаратсыз елестету, әсте, мүмкін емес. Сондықтан біз әр уақытта телеарналар, радио, сайттар мен мерзімді баспасөз басылымдарын және олардың қызметкерлерін, жалпы алғанда, әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық БАҚ өкілдерін құрмет тұтамыз.
Сексен жылдан аса бай тарихы бар аудандық «Ұлытау» газеті мен құрылғанына үш жылға жуықтаған ulytaunews.kz сайты – орын алған оқиғаларға дер кезінде назар аударатын, терең пайымды ақпарат құралдары. Олар тиімді ақпарат таратып, уақыттың өзекті мәселелерін тұрақты көтеріп келеді. Жергілікті журналистер қауымы сол талап үдесінен шыға береріне күмәнсіз сенеміз. Өйткені, билік өкілдері де, қалам ұстаған қауым да халық мүддесіне қызмет етеді.
Бізді біріктіретін ортақ ұстаным – тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етіп, әл-ауқатын бұрынғыдан да арттыра түсу.
Кәсіби мейрам иелеріне еселі еңбектері үшін алғыс айтамыз. Сол еңбектеріңіз қоғамды одан әрі нығайтып, ақпараттың ауқымдылығын арттыра түсеріне сенеміз.
Баршаңызға амандық, мықты денсаулық, толайым табыс, шығармашылық жетістік, бақытты ғұмыр тілейміз!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.