Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді жерлестер!

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, Ұлы Дала – Қазақ елінің ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының есімін әспеттеу мақсатында белгіленген Абай күні құтты болсын!

Хакім Абай – дара бітімді ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор. Ол өзінің еш өлшемге сыймайтын еңбегімен ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлттың болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тапты. Қазір Абай әлемі бірегей құбылыс ретінде бағаланады. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері – асыл қазына.

Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға – рухани азық. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану өзекті болып қала береді.

Әр отбасында санасына Абай ілімін сіңірген жас ұрпақтың қатары көбейсін!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

Аудандық мәслихаттың хатшысы.