Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Береке мен бірлікті арттыратын бұл мейрам адамдардың бір-бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осынау қасиетті күндері халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.
Құрбан айт – кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Бұл күні ата-бабаларымыз жетім-жесірді жебеп, мұқтажға қолұшын беру сияқты ізгі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын игі әрекеттері көрініс табады. Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде. Бірлігі жарасқан ұлттар мен ұлыстар өкілдері арасында қалыптасқан достық ниеттегі келісім арқасында қазақ жерінде түрлі этностар мен конфессиялар өзара түсіністік жағдайында өмір сүріп жатыр. Аудандағы мұсылман қауымының осы өңірді мекендейтін өзге де дін өкілдерімен өзара бірлігін мақтан етуге болады.

Қадірлі ағайын!
Мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын! Кәсіптеріңізге береке, амалдарыңызға адалдық тілей отырып, Айттан Айтқа аман-есен жете берулеріңізді тілейміз.
Жаратушы барлық ықылас-ниетіміз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.