Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақ халқына деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Сондықтан, еліміздің дамуы жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр. Бүгінде көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мереке барлық қазақстандықтардың мейірімділігі мен достығының, бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын символына айналды.
Мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген. Алғыс айту күнінде, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік, сыйластық пен адамгершілік негіздері жоғарылап, қосымша серпін алады.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Аудан тұрғындары мен азаматтарына Ұлытау ауданын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданы әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.

