Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мейрамы – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын, ағайын!
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сəті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пəрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Раббымыз баршамыздың қуанышымызды арттырып, екі дүниеде де мерейімізді үстем еткей.
Бұл мереке – адамгершілік, мейірімділік пен қайырымды істерді сипаттайтын қасиетті мереке. Бұл ізгі құндылықтар тек мұсылман халқына ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ. Тəуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздық, сенім мен адамгершілік, бейбітшілік пен татулық аумағы болды.
Қадірлі жамағат!
Ораза айт мерекесі құтты болсын! Əр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілейміз. Алла Тағала баршамызды келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нəсіп еткей.
Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тəуелсіздігіміз баянды болғай!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.