Құрметті архив саласының қызметкерлері!
Сіздерді Архившілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Архив саласы – өрелі өткеніміз бен кемел келешегімізді нақты деректермен байланыстыратын алтын көпір. Халқымыздың тарихын жаңғыртуда, рухани құндылықтарымызды жұртшылыққа жеткізуде ұлттық архивтер жүйесінің үлесі өлшеусіз екені сөзсіз.
Табандылық пен кәсібилікті талап ететін бұл саланың қызметкерлері – жүз мыңдаған, тіпті, миллиондаған ақпараттық қазынамен жұмыс істеп, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан тарихымыздың тамыры мен құнды құжаттардың шын жанашырлары.
Қадірлі архив саласының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, тың бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.