Құрметті ардагерлер! Ардақты аға буын өкілдері!

Сіздерді ізгі мереке – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке аға буынның қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін ерекше мейрам болып табылады. Қарт адамдарға қамқорлық көрсету – мемлекеттің және бүкіл қоғамның басым міндеттерінің бірі. Біз әрқашан «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.

Бүгінгі еліміздің алтын қоры да біздің ардагерлеріміз. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жалғастыруда. Сіздер әрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, ауданымызды дамытуда іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сеніміміз мол.
Қазақ «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, қазыналы қарттарымыз – дәстүрлеріміздің сақтаушысы, патриоттық іске деген адалдықтың ұлы шыдамдылық пен сенімділіктің үлгісі.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Үлкендерге құрмет көрсету, әрқайсымыздың күнделікті міндетімізге айналсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.