Құрметті Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ!

Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік ауданымыздың жанашыры, ғұмырын ақпарат айдыны мен мемлекеттік қызметке арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық жəне жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған жерге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тəрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге жəне отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз əрқашанда биік болғай.

Құрметпен, «Ūlytau» газеті редакциясының ұжымы.