Ұрлық түбі – қорлық

Ұлытау ауданының Б. есімді тұрғыны өзінің танысының тұрғын үй-жайына заңсыз кіріп, үйінен құны 250 000 теңге тұратын ноутбукты жəне құны 50 000 теңге тұратын алтын затты жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жəбірленушіге жалпы 300 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Тіркелген қылмыстық іс мəні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған үшін аудан тұрғыны кінəлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған, сондай-ақ шектеу жазасы тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау мен жыл сайын 100 (бір жүз) сағатқа мəжбүрлі еңбекке тарту тағайындалған.
Дегенмен, сотталған Б. есімді тұлға түзелу жолына түспей, қайталап 20 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мекеменің қызметтік бөлмесіне заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған. Жəбірленушіге жалпы 39 410 теңгеге мүліктік залал келтірген.
Яғни, Б. есімді тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған – Ұрлығы, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.
Сот тарапынан Б. есімді тұлға ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықты қайта жасағандығын ескере келе, 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Айыптау актісі аудан прокуратурасымен бекітіліп, мəні бойынша қарау үшін сотқа жолданған. Сотта сотталушы кінəсін толық мойындап, жасаған ісіне шын ниетпен өкiнішін білдірді, аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған үшін аудан тұрғыны кінəлі деп танылып, бұдан алдын тағайындалған жазаға ішінара 1 (бір) жылды қосу арқылы оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің кауіпсіздігі орташа мекемесінде белгіленді. Бүгінгі таңда, сот үкімі заңды күшіне енді.
Сондықтан, үйді ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмаңыз жəне есік-терезені мықтап бекітіп, сақтық шараларын естен шығармаған жөн.
Үйде немесе пəтерде алынбалы топсалары бар жоғары сапалы металл есіктерді орнатуды ұмытпаңыз. Кіру есіктерін өндірудің заманауи технологиялары Сіздің үйіңізге ешкім кірмейтініне кепілдік береді.
Сондай-ақ, үйдің кілті жоғалған жағдайда тез арада құлыпты ауыстырыңыз. Үйіңіздің айналасына бақылау камераларын орнатуыңызды жəне терезелерге міндетті түрде темір торлар орнатыңыз.
Ұзақ мерзімге үйіңізден басқа жерге кететін ойыңыз болса, онда сенімді жақсы араласатын көршіңізге немесе туыстарыңызға үйлеріңізді тапсырып кеткендеріңіз дұрыс болады.
Егер Сіз ұрлық сəтінің куəгері болсаңыз дереу «102» арнасына қоңырау шалуңыз қажет.
Жоғарыда айтылғандарды аудан тұрғындарына ұрлықтың алдын алуда сақтық шараларын жүргізуге маңызды ақпарат болады деп сенеміз.

Ұлытау ауданының прокуратурасы.