Өрелі өнертапқыштар

Жезді музейінде сақтаулы тұрған құнды құжаттың бірі – №11 Өнертапқыштық ұсыныс куəлігі. Бұл – жабдықты, материалдарды немесе жұмысшылардың еңбегін тиімдірек пайдалану арқылы өндіріс процесін тікелей жетілдіретін, бірақ, өндірістің конструктивтік немесе технологиялық процестерін айтарлықтай өзгертпейтін өндірістік-техникалық сипаттағы ұсыныс.

Бұл №11 Өнертапқыштық ұсыныс куəлігі кезінде «Жаңалықтар, ашылымдар жəне өнертабыстар Нұсқаулығының» 3-ші тармағына сəйкес, Жезді марганец кен басқармасының қызметкерлері Бекет Аймағанбетов, Федор Триппель жəне Болат Айтхожаевқа «Сальник арқылы ұңғымадан су сорып алу» өнертапқыштық ұсынысы үшін берілген.

Осындай ұсыныстар тау-кен жұмыстарында, кəсіпорынның өндірістік тиімділігін арттыру, ресурстарды ұтымды пайдалану жəне өндіріс процесінде қалдықтар мен ысыраптарды азайтуға мүмкіндік береді.

Куəліктің берілген уақыты – 28 маусым, 1966 жыл. Құжатқа өндіріс басшысы Əбдірахман Тоқтыбаевтың қолы қойылған. Оны музей қорына 2012 жылы Жезді кентінің тұрғыны Ф.Триппельдің ұрпағы А.Голяхов өткізген.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ