Референдумдағы жарқын сәт
Ұлытау облысындағы №18, №28 референдум учаскелеріне сайлаушылар лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сонымен бірге, мұнда арнайы фотозона орналастырылған. Референдумға келуші тұрғындар естелікке суретке түсіп, тарихи сәтпен қуана бөлісуде. Одан бөлек, учаскеде ақпараттық көрнекілік толық ілінген. Тұрғындар келген бетте сол ақпаратпен танысып, кейін таңдауын жасап жатыр. Референдум учаскесінің төрағасы бастаған мамандар туындаған сұрақтар болса, қолма-қол жауап беруде.

Осылайша іргелі сайлау учаскелерінде тіршілік қайнап жатыр.
