Референдумға байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді. Сондай-ақ олар дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде болады.