ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жезқазған жылу электр орталығының жұмысымен танысты 

 Ұлытау облысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Шахаров келді. 

Бүгін біздің өңірге жұмыс сапары аясында мемлекеттік инспектор Жезқазған ЖЭО-ның ағымдағы жағдайымен танысты.

Негізгі мақсат — стратегиялық нысанның жылыту маусымына дайындығына көз жеткізу.

Мемлекеттік инспектормен бірге Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов және ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Наурыз Қияшов еріп жүрді.

️ ЖЖЭО директоры Мадиар Алтыбаев қазіргі уақытта жылу электр орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Жабдықтың ішінара істен шығу жағдайы түзетілді. Бекітілген температура кестесі сақталады.

️ Кездесу қорытындысы бойынша А.Шахаров проблемалық мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.