ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үйтас-Айдос су құбырын жаңарту жұмыстарын қадағалады

Жезқазған жұрты 2024 жылы сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілуі қажет. Роман Скляр Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында мердігер ҚР ЭТРМ-не және «BI Global» ЖШС-не жобаның бірінші кезеңін биылдан қалдырмай аяқтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Ұлытау облысында «Үйтас Айдос» су құбырларын жаңарту жұмыстары қолға алынған болатын. Мердігер ұйым «Bi Global» бірінші кезеңнің жұмыстарын 80%-ға орындады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары мердігерге қалған 14.2 шқ.құбыр тарту жұмыстарын биыл өз қаражаттарына аяқтау қажеттігін келесі жылдың басында қаражаттың қайтарылатынын жеткізді.

Келесі кезекте Роман Скляр Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарына барды.

Жоба 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы тиіс. Бұл ретте Үкімет басшысының бірінші орынбасары толықтай келер жылы аяқтауды қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

Биыл ҚР ИДМ тарапынан жобаны іске асыру үшін қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Қорытындыны алу мерзімі биыл қыркүйек айының екінші онкүндігінде күтіледі. Алдын ала есептеулер бойынша жоба құны қымбаттайды. Осыған байланысты республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу талап етіліп отыр.

Сапар барысында жобаны түзету жүргізілгеннен кейін «Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңартудың екінші кезеңі» жобасына қосымша қаржыландыруды көздеу және оның 2025 жылы емес, 2024 жылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.