Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы

Құқық қорғау органдарының жұмысы азаматтардың бойында заңсыздыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

Бұған құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпаратты тарату және құқықтық тәртіптің жоғары стандарттарын сақтау арқылы қол жеткізіледі. Халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болады.

Еркеназ БЕГАЕВА,
мұғалім.