Президентке Қазақстанның БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскен — Берік Уәли
«Президенттің жұмыс кестесінде оның БРИКС саммитіне қатысуы қарастырылғаны рас. Мемлекет басшысы 24 қазан күні құрылымның «аутрич» форматындағы кеңейтілген құрамда өтетін жиынында сөз сөйлейді», — деді ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
23-24 қазан күндері Қазан қаласында (Ресей) БРИКС саммиті өтеді.