Президент Жолдауы – маңызды құжат

Президенттің Жолдауында елдің экономикалық дамуы мен тұрақтылығы басты орын алады. Экономикалық өсім, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты мәселелер Жолдауда баса айтылады.

Сонымен қатар, экономикада цифрландыру, жасыл энергия, инновациялар мен технологияларды дамыту сияқты жаңа бағыттарға назар аударылады.Саяси жүйенің жаңаруы мен демократияландыру — Президенттің Жолдауында жиі айтылатын маңызды тақырып. Құқық қорғау жүйесінің реформасы, азаматтық қоғамның белсенділігі, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарға жағдай жасау секілді мәселелер де өзекті.
Жолдауда ұлтты біріктіру, этносаралық қатынастарды нығайту және мәдениетті дамыту мәселелері де орын алады. Қоғамдағы рухани және мәдени құндылықтарды нығайту, жастарды тәрбиелеу және ұлттық бірлікті сақтап қалу — бұл мемлекет үшін ұзақ мерзімді маңызды міндеттер.

Әсел ЕРЖАНОВА,
Ұлытау ауылдық округінің тұрғыны.