Президент «тарихшысымақтар» деп кімдерді айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында тарихи деректерді бұрмалап, халықты адастыратын топты қатаң сынға алды.

Президент соңғы жылдары тарих­ты талқылау сәнге айналғанын айтты. Түрлі под­каст­тар, фильмдер, мақалалар мен кітап­тар шығып жатқанын хабардар екенін жеткізді.

«Әйтсе де мемлекетке ке­сірі тиетінін жете түсінбей, көп­ші­лік­тің көңілін табу үшін ойдан шығарылған дерек­тер мен жалған ақпараттар тара­та­тын, халқымыздың басынан өткен қиын­дықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарих­шысымақтар пайда болды. Жұрт олар­дың сандырағына сеніп, өткен дәуір­дің жал­ған батырларын ұлықтай бастады. Мұның соңы жақсылыққа апар­майды. Бұл – ақиқат жолы емес, кері­сінше «жал­ған түсінік туғызатын теріс жол», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықты жауластыратын емес, ұйыстыратын құндылық алға шығу керектігін ескертті.