Президент Мысыр, Хорватия және Португалияға жаңа елші тағайындады 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындалды.

Асқар Жеңіс Қазақстанның Мысырдағы елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Қайрат Лама Шариф лауазымынан босатылды.

Дәулет Батырашев Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Ақылбек Камалдинов атқарып келді.

Сондай-ақ Дәулет Батырашев Португалиядағы Төтенше және Өкілетті Елші лауазымынан босатылды. Оның орнына Жан Ғалиев тағайындалды.

Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбай Ирак Республикасы және Палестина Мемлекетіндегі елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.