Президент: Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек
Мемлекет басшысы сұхбат барысында 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаудың мәнін түсіндірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде финтех компаниялар табысты жұмыс істеп жатқанын, ІТ-стартаптарды қолдайтын экожүйе қалыптасқанын атап өтті.
Сондай-ақ CryptoCity пилоттық аймағы құрылып, Alatau City қаласының құрылысы басталған. Президенттің пікірінше, жасанды интеллект дәуірінде алға озған елдер мен артта қалған мемлекеттердің арасы алшақтай түседі. Сондықтан цифрлық технологиялар мен ЖИ Қазақстанның басым бағыты болып қала береді.
