Полиция ардагері
Полиция майоры, қасиетті қарт Ұлытаудың түлегі Серік ӘУБӘКІРОВ елге еңбегі сіңген, бүгінде қарттардың кемесіне мінген тұғыры биік тұлғалардың бірі.
Ол өзінің саналы өмірінде халқына адал қызмет етіп, сый-құрметке бөленген азамат. Серік 1956 жылы 26 қазанда дүниеге келген. 1974 жылы Ұлытау орта мектебін бітіргеннен кейін әскери міндетін өтеуге алынып, оны өтеп келіп Ұлытау аудандық кеңес атқару комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарды. Өзінің талантымен танылған Серікті аудан басшылары Қостанайдағы зооветеринарлық техникумға жібереді, оны бітіріп келгеннен кейін Ұлытау кеңшарының фермаларында мамандығы бойынша қызмет атқарып, Ұлытау кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп тағайындайды. Бұл қызметте 1986 жылға дейін жемісті еңбек еткен ол аудандық ішкі істер қызметіне ауысады. Мұнда әр түрлі жауапты қызметтер атқарады. 1988-1994 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші оперативтік өкілі, 1994-2002 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінің анықтама бөлімінде басшы қызметін атқарған. Серік Әубәкіров қайда, қандай қызмет атқарса да адал атқарып, алғыстар алып, абыройға бөленген. Ол 2002 жылдан бастап милиция майоры шенімен зейнеткерлікке шыққан. Қазақстан полициясына – 30 жыл төсбелгісімен марапатталған.
Біз, бүгін елдің елеулі, халықтың қалаулы азаматы, еңбек ардагері Серік Әубәкіровті полиция қызметкерлері күнімен құттықтаймыз, өзіне бақыт, ұзақ өмір, отбасына ырыс тілейміз.
Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.