Партия кәсіпкерлерді қолдайды
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат, кәсіпкер Гүлнара Загирова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге өңір кәсіпкерлері қатысып, кандидатпен пікір алмасты.
Кездесу барысында үміткер «Әділет» партиясының 2031 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, құжатта көзделген кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы басымдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, бағдарлама аясында мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы 10 инвестициялық жобаның іске асырылуына жәрдемдесу, сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 210 жеңілдетілген қарыз беруге қолдау көрсету көзделген.
Бұл бастамалар ауыл шаруашылығын дамытуға, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
