Парламент депутаттары каникулға шықты
Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палатаның жұмысын қорытындылады.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сессия кезінде маңызды заң жобалары қабылданғанын атап өтті.
Сенат пен Мәжіліс депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.
“Осымен сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын жабық деп жариялаймын”, – деді Мәжіліс төрағасы.