«Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғат қорғау акциясы қорытындыланды
«Парктер шеруі-2023» Халықаралық табиғат қорғау акциясы Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бастау алды. Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – ерекше экологиялық, ғылыми тарихи — мəдени жəне рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық жəне ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық – ағартушылық, ғылыми, туристік жəне рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау жəне ғылыми мекеме мəртебесі бар – ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
«Парктер шеруі 2023» Халықаралық табиғат қорғау акциясы ашылу салтанатынан бастау алып, №1 Тірек мектебінде (ресурстық орталық) Халықаралық ағаш егу күніне орай «Көркейту-көгалдандыру» жұмыстары атқарылды. Оқушылармен «Ұлытау МҰТП» аумағында қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер əлемімен танысу атты экологиялық дəріс сабағы өткізілсе, «Əулиетау» туристік маршруты аумағында «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» сенбілікпен жалғасын тапты. Осы акция барысында өткізілген іс-шаралардың бірі «Құстарға қамқор болайық» бастауыш сынып оқушылар ата-аналармен бірлесе атсалысып, қолдан құстарға ұя жасау. Іс-шараның негізгі мақсаты құстарға ұя жасау жəне оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Акция тек Ұлытау аймағында ғана емес, Шеңбер ауылдық округінің №2 Қорғасын орта мектебін де өткізілді, сол іс-шараның бірі «Табиғатты аялайық» оқушылардың экологиялық мəдениетін дамыту болып табылады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұстаныммен акция барысында «Игі истер жағалауы» іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту. Жалпы 4 ай көлемінде жалғасын тапқан «Парктер шеруі – 2023» акциясының жабылу салтанаты №1 Тірек мектебінде (ресурстық орталық) орын алды.
«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы мемлекеттік деңгейдегі ең ауқымды жəне экологиялық маңызы бар іс-шара. Осы акция барысында көптеген іс-шаралар атқарылып, жұмыстар жүргізілді. Жалпы жүргізген іс-шаралар тек «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы аясында ғана емес, күнделікті атқарылатын іс-шаралардың қатарына енгізілуде.
«Табиғат – құдыреті əлемнің, оны қорғау – сенің, менің міндетім» Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұстанымы. Сол себепті табиғатты қорғау, аяулау барша адамзаттың міндеті мен борышы.
Ерден РАХМАНИЯНОВ,
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Рекреация жəне туризм бөлімі басшысы.