От жағу маусымына дайындық басталды
Ағымдағы жылдың 15 тамызында от жағу маусымы айлығы басталып, 15 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Алдағы жылыту кезеніңде тұрғын үйлерде өрттің алдын алу жұмыстары бойынша үгіт-насихат шаралары өткізілуде. Осы аталған іс-шара бойынша, Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің жəне Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері бірлескен жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, қарапайым ғана ережелерді сақтамау адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Мысалы, балалардың сіріңкемен немесе тағы басқа да жанғыш заттармен ойнауы, адамдардың ішімдікке тəуелді болуынан, отты жағып пештердің ауызын жаппай кетуі, пештен шыққан күлдерді ыстық күйінде есік алдына қойып кетуі, күлді арнайы орындарға төкпеуі қайғылы жағдайларды туындатуға əкеп соқтырады.
Өрт деген – тілсіз жау, оның салдарынан адамдар баспанасынан, мүліктерінен айырылып қалуы, тіпті өмірлеріне қауіп төндіруі де мүмкін. Пештен шығатын өрттердің себебі – көбіне пешті салу кезінде жіберілген өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болады. Пештерді қолдану кезінде жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі ол жанатын құрылымдардан белгілі арақашықтықты сақтамау, от жағатын пештердің алдына 50х70 см. көлемінде қаңылтыр беттерін қақпау, сондай-ақ пештің үстіндегі жарық, сынған плиталарды пайдалану, пештің үстіне ағаш немесе киімдерді кептіру.
Егер тұрғындар қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтап отыратын болса, қайғылы нəтижелерге əкеліп соғатын оқиғалардың алдын алуға болады.
Ұлытау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық аудан тұрғындарына үйлеріңіздегі пештерді мұқият тексеруді, саңылауларын сылауды, түтін шығаратын құдықтарының дұрыс қалануы мен орнатылуын тексеруді, мұржаны əктеп қоюды естеріңізге салады.
Есте сақтаңыздар, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау өздеріңіздің қолдарыңызда.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.