Орманды қорғау – ортақ міндет

Орман өрті кезінде не істеу керек? Одан қорғану жолдары қандай? Өрт шықпауы үшін ормандағы ережелерді сақтау керек. Осыны табиғат аясында демалған адамдардың білгені жөн.

Мұндай кезеңде орманда мынаған тыйым салынады:

• орманға жанып тұрған сіріңкелер, темекі тұқылдарын, тұтанған шүберектер тастауға;

• қалың бұталар мен қылқан жапырақты өсінділерде, бұтақтары төмен ағаш астында, шымтезек қоймаларының жанында, өсіп тұрған дақылдарға жақын жерде от жағуға;

• орманда өздігінен жанғыш заттарды: майға немесе бензинге малынған шүберектерді, күн шуақты ауа райында күн сәулесін бағыттай алатын және құрғақ өсімдіктерді тұтандыратын шыны ыдыстар қалдыруға;

• орман алқаптарында, бақшаларда, егістіктерде, ағаштардың түбінде құрғақ шөптерді жағуға;

• жанғыш сұйықтықтармен немесе желді ауа райында от жағуға;

• отты қараусыз тастап немесе сөндірмей кетуге. Ал орманда өрт шыққанын қалай анықтауға болады? Ол кезде жел әкелетін тұрақты күйік иіс, тұманға ұқсас түтін болады, құстар, жануарлар мен жәндіктер мазасыз болып, бәрі бір бағытта қоныс аударады. Орман өрті кезінде не істеу керек:

• егер өрт шыққан орманда болсаңыз, онда желдің бағытын және өрттің таралуын анықтаңыз;

• қауіпті аймақтан тек өрттің таралу бойымен шығыңыз;

• оттың алдыңғы жағымен жүгіріңіз; орман өртін басып озбаңыз; оттегі жетіспеушілігі болмауы үшін еңкейіп қозғалыңыз;

• дымқыл орамал немесе суланған киім арқылы дем алыңыз;

• егер өрттен құтылу мүмкін болмаса, үстіңізге дымқыл киім жауып, жақын жердегі су қоймасына түсіңіз;

• тез тұтанатын және жанғыш құрал-жабдықтардан құтылыңыз, мүмкіндігінше киімдегі материалдың кепкен жерлерін мезгіл-мезгіл ылғалдандырып тұрыңыз;

• дымқыл жер қазып, тығылыңыз;

• басты, аяқ-қолды, дененің ашық жерлерін кез келген жанбайтын материалмен ораңыз, мүмкіндігінше оны сумен ылғалдандырыңыз. Өте тығыз байламаңыз, тұтанған жағдайда алып тастауға ыңғайлы еткен дұрыс.

Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар бау — бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналып кетуі мүмкін.

Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек.

Алмат Сламахунов,

«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ орман шебері.